Диссертациялық кеңес
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің диссертациялық кеңесі туралы осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген диссертациялық Кеңес туралы Үлгілік ережеге және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген ғылыми дәрежелер беру қағидаларына сәйкес әзірленді.
Диссертациялық кеңес – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғайтын университет жанындағы алқалы орган. Университетте диссертациялық кеңес дербес құрылады.
Диссертациялық кеңестер университет докторантурасының кадрларын (мамандықтарын) даярлаудың тиісті бағыттары бойынша күнтізбелік 3 (үш) жылға құрылады:
1) 8d12101 – Әскери өнер;
2) 8d12102 – Әскери тарих;
3) 8d12103 – Қару-жарақ және әскери техника.
Функциялары
Диссертациялық кеңестің функциялары:
1) диссертация қорғауға құжаттар қабылдау;
2) диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін, қорғау күнін және ресми рецензенттерді тағайындау;
3) докторанттың көшіріліп алынған материалды авторға және көшірілінген көзіне сілтеме жасамай пайдалануына (плагиат) диссертацияны тексеру үшін диссертациялық кеңес мүшелері қатарынан комиссия (бұдан әрі – диссертациялық кеңес комиссиясы) құру;
4) көпшілік алдында диссертация қорғауды жүргізу;
5) диссертация бойынша шешім қабылдау.
Диссертациялық кеңестің мүшелері:
1) объективті, толық және анық мәліметтер береді;
2) диссертацияны қорғауға қатысты деректерді жасыруға жол бермейді;
3) ғылыми этиканы бұзу фактілеріне ден қояды;
4) шешім қабылдау кезінде қоғамдық пікірдің, Тараптардың бірінің немесе үшінші тұлғалардың ықпалынан еркін болса;
5) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
6) қызмет процесінде кеңестің басқа мүшелерінің, докторанттардың, ғылыми консультанттардың және ресми рецензенттердің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздер, айыптаулар қолданбайды.