logo

Отан қорғаушы күніне арналған Қорғаныс министрінің құттықтау сөзі


Отан қорғаушы күніне арналған Қорғаныс министрінің құттықтау сөзі

Құрметті сарбаздар, сержанттар, офицерлер мен генералдар! Қымбатты ардагерлер!

Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы атынан және жеке өз атымнан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жылдығын және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге орай шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Қарулы Күштердің құрылысына, әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз етуге, бағыныстыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге біздің әскери қызметшілеріміз, әрине, сондай-ақ Қазақстан армиясын құрудың бастауында болған ардагерлер үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Қарулы Күштердің әскери қызметшілерімен Отанымыздың тарихи жылнамасына көптеген жарқын және батырлық сәттер жазылуда.

Жеке құрам алға қойылған міндеттерді шешу үшін өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен іскерлігін алдағы уақытта да сала беретініне, әскери борышын орындауда әрқашан үлгі болатынына, аға буын қазақстандық жауынгерлердің жауынгерлік дәстүрлерін нығайтып, көбейтетініне сенімдімін!

Ардагерлердің беделі, өмірлік тәжірибесі, жауынгерлік шынығуы мен рухани әлеуеті маңызды құндылыққа ие, бұрынғысынша сұранысқа ие және лайықты қолданыс табуда. Сіздердің көпшілігіңіз бүгінгі күнге дейін офицерлердің жас буынына өздерінің бай әскери тәжірибесін беріп, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге қатысудасыз.

Қарулы Күштердің барлық жеке құрамына, ардагерлерге, азаматтық персоналға Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін зор денсаулық, қызметте және еңбекте табыстар, отбасы берекесін тілеймін.

Құрметпен, Қорғаныс министрі генерал-полковник Р. Жақсылықов