Жалпыәскери факультетінің жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс кафедрасы

Жалпыәскери факультетінің жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс кафедрасының бастығы

запастағы генерал-майор

Даиров Муслим Кадылбекович

Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс кафедрасы «әскерлерді жұмылдыру дайындығы», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін қолдану негіздері» және «Жергілікті әскери басқару органдарының жұмылдыру дайындығы» пәндері бойынша мамандықтар бойынша магистранттарды даярлауды жүзеге асырады:
– «7М 12101-Әскери істегі Менеджмент»;
– «7М 12102-Әскери істегі Логистика»;
– «7М 12103-Әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс»;
– «7М 12107-Әскери істегі Инженерлік жүйелер мен желілер».

Кафедраның негізгі міндеттері:
1. Күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін жедел-тактикалық буынның офицер кадрларын даярлау мақсатында оқу жұмысын жоғары әдістемелік және ғылыми деңгейде ұйымдастыру және өткізу;
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының академиясы» факультетінде оқитын стратегиялық буынның офицер кадрларын (магистратура және докторантура) даярлау мақсатында кафедра пәндері бойынша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу»;
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының жұмылдыру бөлімшелерінің мамандарымен, аумақтық әскерлер бригадаларының командирлерімен және өңірлік қолбасшылықтар мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің аумақтық әскерлері бөлімдерінің бастықтарымен кафедра пәндері бойынша курстық даярлық жүргізу;
4. Әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін арттырудың әскери теориясын дамытуға бағытталған кафедра бейіні бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;
5. Профессор – оқытушылар құрамы біліктілігін арттыру;
6. Кафедраның оқу және материалдық-техникалық базасын дамыту және жетілдіру;
7. Кафедраның оқу қызметін қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және басып шығару.

Оқу пәндері:
1. Әскерлерді жұмылдыру дайындығы;
2. Жергілікті әскери басқару органдарының жұмылдыру дайындығы;
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін қолдану негіздері.