logo

Жеңіс батырларын еске алу жарысы


Жеңіс батырларын еске алу жарысы

            2024 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің жеке құрамы Жеңіс батырларын еске алу жарысына қатысты. Аталған жарыс Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қорғаныс министрінің тұңғыш министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен 1945 жылы 30 сәуірінде Рейхстаг үстінен ту көтерген Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай елордалық триатлон-саябағында өтті.

Іс-шараны Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтардың жауынгерлерін іздеумен және қайта жерлеумен айналысатын Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.