logo

Қазақстан әскери қызметшілерінің дене даярлығы жүйесі жетілдірілуде


Қазақстан әскери қызметшілерінің дене даярлығы жүйесі жетілдірілуде

Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскер түрлері мен тектеріндегі қызмет ерекшелігін ескере отырып, әскери қызметшілердің дене даярлығын жетілдіру жөнінде кеңес өтті.

Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде өтіп отыр.

Кеңеске Бас штабтың Жауынгерлік даярлық департаментінің, Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының дене дайындығы және спорт кафедраларының өкілдері мен өңірлік қолбасшылықтардың дене даярлығы жөніндегі бастықтары қатысты.

Қатысушылар жеке құрамның дене шынықтыру даярлығы жүйесін жетілдіру шараларын талқылап, оларды сапалы іске асыруға қажетті шарттарды нақтылады.

– Әскери қызметшілердің дене дайындығы — әскерлерді даярлау жүйесінің маңызды бөлігі, әскери бөлімшелердің жауынгерлік қабілетін арттырудағы орны зор және жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйіне оң ықпал етеді, – деп атап өтті Ұлттық қорғаныс университеті дене дайындығы және спорт кафедрасының бастығы полковник Расул Мейірманов.

Мамандар тәжірибе алмасып, әскери қызметшілердің дене шынықтыру жүйесіндегі бірқатар проблемалық мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарын айтты.