logo

Армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция


Армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2024 жылғы 22 мамырында Армия  генералы С.Қ. Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия  генералы С.Нұрмағамбетовтың әскери мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламентінің депуттатары, Қазақстандық армияның көрнекті әскери басшылары, қоғам қайраткерлері, Қарулы Күштердің ардагерлері, профессорлық-оқытушылық құрам, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Конференцияны бастамас бұрын, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, PhD философия докторы, генерал-майор Асқар Досбосынұлы Мұстабеков атақты қолбасшының 100 жылдығында аталған іс-шараны өткізудің қажеттілігін атап өтті.

Конференцияда соғыс тарихы мен әскери өнер мәселелері, Кеңес Одағының Батыры жауынгерлік жолының мысалында заманауи зерттеу тәжірибесі, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетовтың  тарихи рөлі мен Қазақстан армиясының қалымтасуы мен дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ әскери істің өзекті мәселелері мен оның даму перспективалары қарастырылды.  

Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері, директоры Жангелді Бержанұлы Бимолдин өздерінің сирек кездесетін мұрағаттық материалдарын ұсынды.

Айта кетерліктей, бейнебайланыс арқылы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Әзербайжан Республикасының, Ресей Федерациясының, Қырғыз және Тәжікстан Республикасы әскери оқу орындарының өкілдері шақырылып, қатысуға үлкен ұмтылыс білдірді.