Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген, сәйкес дәрежедегі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне бағынысты, әскери оқу мекемелеріне оқуға қабылдау Ережесіне сәйкес, 2024 жылдың 20-30 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде кандидаттардың іріктелінуі жүргізіледі.
Ұлттық қорғаныс университетіне, Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасының ЖОО-на түсу үшін қабылдау емтихандарын өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу аясында, 2024 жылдың 20 маусымында ҚР ІІМ ӘТБ бастығы полковник М. Қарсыбековтың, АГ ӘП аға прокуроры подполковник М. Каримованың және АӨГ ӘП алдын алу бөлімінің бастығы майор А. Маратовтың қатысуымен алдын алу әңгімелесу өткізілді.