Әскери-теориялық журнал «БАҒДАР-ОРИЕНТИР»

«БАҒДАР-ОРИЕНТИР» әскери-теориялық журналын Ұлттық қорғаныс университеті 1998 жылдан бастап шығарады. Басылым мерзімділігі тоқсанына 1 рет.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен берілген мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы 2018 жылғы 14 ақпандағы №16910-Ж куәлік.
«Бағдар-Ориентир» әскери-теориялық журналы ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне (ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 11 ақпандағы №2қбпү бұйрығы), сондай-ақ қазақстандық дәйексөз алу базасына (КазБЦ) (2020 жылғы 12 наурыздағы №3 келісімшарт) енгізілген.

БАС РЕДАКТОР

Мустабеков А.Д., бас редактор, философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-майор.

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Бердибеков А.Т., бас редактордың орынбасары, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, университет бастығының орынбасары (ғылыми жұмыс жөніндегі) – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті әскери ғылыми-зерттеу орталығының бастығы, полковник.

Искаков Е.М., ғылыми редактор, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті əскери ғылыми-зерттеу орталығы əскери өнердің ғылыми-зерттеу институты əскери тарихты зерттеу жəне педагогика басқармасының аға ғылыми қызметкері, майор.

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА МҮШЕЛЕРІ:

  • КОПЫТКО В.К., əскери ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Бас штаб Академиясы, отставкадағы генерал-майор.
  • АХМЕТОВ Ж.Х., əскери ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті əскери ғылыми-зерттеу орталығы әскери өнерді ғылыми-зерттеу институтының бастығы, генерал-майор.
  • ЖОЛАМАНОВ А.А. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университет бастығының орынбасары – «ҚК Бас штаб академиясы» факультетінің бастығы, генерал-майор.
  • ШЛЕЙКО М.Е., əскери ғылымдарының докторы, профессор, РФ Əскери ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР ҚМ Радиоэлектроника жəне байланыс əскери-инженерлік институты зениттік-зымыран әскерлер кафедрасының доценті, отставкадағы полковник.
  • БУЛОЙЧИК В.М., техника ғылымдарының докторы, профессор, Беларусь Республикасының Əскери академиясы, отставкадағы полковник.
  • ГРУЗИН В.В., техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Əскери ғылым академиясының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті əскери ғылыми-зерттеу орталығы қару-жарақ жəне əскери техника ғылыми-зерттеу институты қару-жарақ жəне əскери техниканы зерттеу басқармасының аға ғылыми қызметкері, ҚР ҚК қызметкері.
  • ЖУСУПОВ Э.В.,философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті Құрлық əскерлері факультетінің бастығы, полковник.
  • ӨТЕБАЕВ Б.Ы. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті Əуе қорғанысы күштері факультетінің бастығы, полковник.
  • ЛЕСОВ Ғ.С. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті жан-жақты қамтамасыз ету факультетінің бастығы, полковник.
  • ИМИРОВ С.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті Ұлттық ұлан факультетінің бастығы, полковник.
  • МУХАМЕДИЕВ А.Л. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті Мемлекеттік күзет қызметі факультетінің бастығы, полковник.
  • ДАИРОВ М.Қ. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті жұмылдыру дайындығы жəне аумақтық қорғаныс кафедрасының бастығы, отставкадағы генерал-майор.
  • БАТЫРОВ М.Е., педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті əскери ғылыми-зерттеу орталығы қару-жарақ жəне əскери техника ғылыми-зерттеу институтының бастығы, запастағы полковник.
  • БУРНАЕВ З.Р., педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті əскери ғылыми-зерттеу орталығы əскери өнердің ғылыми-зерттеу институты əскери тарихты зерттеу жəне педагогика басқармасының бастығы, полковник.
  • ЕСБЕРГЕНОВ Қ.Б., философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті оқу-əдістемелік басқармасының докторантура бастығы, полковник.
  • ИСЕЕВ Р.Р., философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті тілдер кафедрасының бастығы, полковник.
  • ЖЕКСЕНБИНОВ Б.Н., философия докторы (PhD), профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті əскери ғылыми-зерттеу орталығы əскери өнердің ғылыми-зерттеу институты əскери тарихты зерттеу жəне педагогика басқармасының аға ғылыми қызметкері, запастағы полковник.
  • МАКИПОВ А.С., тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті «ҚК Бас штаб академиясы» факультеті əскери өнер кафедрасының оқытушысы, запастағы полковник.
  • СЕЙЛХАНОВ С.Б. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті штабтың мемлекеттік құпияларды қорғау жəне ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, полковник.
  • ИСКАКОВ Е.М., ғылыми редактор, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті əскери ғылыми-зерттеу орталығы əскери өнердің ғылыми-зерттеу институты əскери тарихты зерттеу жəне педагогика басқармасының аға ғылыми қызметкері, майор.

«БАҒДАР-ОРИЕНТИР» ӘСКЕРИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖУРНАЛЫНДА ЖАРИЯЛАНАТЫН ҚОЛЖАЗБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. «Бағдар-Ориентир» әскери-теориялық журналында мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады. Жариялауға ұсынылған мақалалар геосаясат пен қауіпсіздіктің, әскери өнердің, әскери оқыту мен тәрбиенің, әскери тарихтың, қару-жарақ пен әскери техниканың өзекті мәселелерін қамтуы керек. Ағылшын тілінде ресімделген ғылыми мақаланың мәтінімен бірге оның орыс немесе мемлекеттік тілдегі аудармасын қоса беру қажет.
2. Журналда жариялау үшін мақаланың жобасын ұсына отырып, автор өзі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығына, қолжазбада плагиаттың және заңсыз алып пайдаланудың басқа түрлерінің болмауына, кестелердің, сызбалар мен иллюстрациялардың дұрыс ресімделуіне кепілдік береді.
3. Мақаланың көлемі А4 форматындағы кестелерді (суреттерді) қоса алғанда, 3-тен 8 бетке дейін болуы тиіс. Мақаланың жобасы редакциялық алқаға (жауапты хатшыға) электрондық және қағаз нұсқада (кеңсе 2000, Word, Times New Roman) бір данада ұсынылады.
4. Орыс тіліндегі мәтін гарнитурасы - Times New Roman, кегль – 10,5, бір аралық интервал. Мемлекеттік тілдегі мәтін үшін қаріп-Times New Roman KZ, кегль-10,5, бір аралық интервал. Ағылшын тілінде мақала тәріздес параметрлермен ресімделеді.
5. Мақаланың атауы мақаланың мазмұнын, тақырыбын, жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін көрсетуі және ақпараттылық, тартымдылық және бірегейлік талаптарына сәйкес болуы керек (12 сөзден аспауы керек). Ғылыми мақаланың атауы МЕМСТ 7.5-98 талабы бойынша парақтың ортасында бас әріптермен ресімделеді.
6. Мақала тақырыбының үстінде сол жағында ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу) индексі және оның астында – ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық айдарының коды (ҒТАМАК, http://grnti.ru/), әрі қарай ортада автордың тегі мен аты-жөні, сондай – ақ автордың негізгі жұмыс орнына байланыстыру – аффилиация орналасады. Бұл ретте ұйымның атауы меншік нысанынсыз және ведомстволық тиесілілігінсіз қала мен елді көрсете отырып, соңғы ресми заңды атауға сәйкес келуге тиіс.
7. Ғылыми мақаланың тақырыбының астында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мақаланың тақырыбы мен қорытындыларды сипаттайтын және ақпараттылық пен мазмұндылық талаптарына жауап беретін аннотация (көлемі 100 сөзден кем емес және 200 сөзден аспайтын) беріледі түйіндемеде формулалардың болуына, мазмұны бойынша мақаланың атауын қайталауға тыйым салынады; библиографиялық сілтемелерге де тыйым салынады; мақаланың құрылымын сақтай отырып, мақаланың қысқаша мазмұнын көрсетуі керек – кіріспе, мақсат қою, міндеттер, зерттеу әдістері, нәтижелер мен талқылау, қорытынды, сондай-ақ мақаланың тар бағытын көрсететін ақпараттық болып табылатын түйінді сөздер (5-10 сөз/сөз тіркестері) (мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі керек, мүмкіндігінше тақырып пен аннотация терминдерін қайталамауы керек, мақала мәтінінен алынған терминдерді, сондай-ақ мақаланың негізгі мазмұнын, ақпараттық-іздестіру жүйесі арқылы мақаланы табу мүмкіндіктерін жеңілдетуге және кеңейтуге мүмкіндік беретін, басқа да маңызды ұғымдарды қамтитын терминдер пайдалану керек). Сапалы ресімделген және аударылған аннотация мақалаға деген қызығушылықты арттырады, сонымен қатар отандық және шетелдік әріптестердің мақалаға сілтеме жасау ықтималдығын арттырады.
8. Әрі қарай ғылыми мақаланың мәтіні орналастырылады, онда мыналар болуы керек: - кіріспе, оның ішінде мақсат пен міндеттері; - зерттеу материалдары мен әдістері (зерттеу барысында қолданылатын ақпарат көздері мен әдістерін белгілеу); - зерттеу нәтижелері және оларды талқылау; - қойылған міндеттерді шешу нәтижелері қысқаша көрсетілетін қорытынды (немесе қорытындылар).
9. Кестелер, суреттер аталғаннан кейін орналастырылуы керек (мәтіндегі сілтеме). Кестелер аталуы керек, оларда бос бағандардың болуына жол берілмейді. Әр суреттен кейін жазбасы болуы керек. Кестелерде, суреттерде, формулаларда таңбаларды, белгілерді белгілеуде сәйкессіздіктер болмауы керек.
10. Суреттер анық және басылған болуы керек. Сканерленген суреттерге тыйым салынады. Иллюстрациялық материалдар келесі форматтарда ұсынылады: фотосуреттер, суреттер үшін-tiff немесе jepg (ақ-қара және түрлі – түсті үшін 300 dpi); графиктер, диаграммалар, схемалар және т.б. – exls, cdr. Суреттің артында немесе астында автордың тегі, мақаланың атауы және сурет нөмірі көрсетіледі.
11. Формулалар тиісті редакторлықта терілуі керек (математикалық және химиялық формулалар үшін). Мақалада мәтінде сілтеме жасалған формулалар ғана нөмірленеді.
12. Аббревиатуралар мен қысқартулар, жалпыға белгілі аббревиатураларды қоспағанда, мәтінде бірінші рет аталған кезде толық жазылуға тиіс.
13. Әдебиеттер тізімі ГОСТ 7.1-2003 сәйкес ресімделеді. Мәтінде сілтемелер төртбұрышты жақшамен белгіленеді [1], мақаланың негізгі мәтініндегі кітапқа сілтеме қолданылған беттерді белгілеумен бірге жүруі керек [1, 29-бет]. Сілтемелер мәтіндегі аталған ретімен қатаң нөмірленуі керек. Мәтіндегі әдебиетке бірінші сілтеменің нөмірі [1], екіншісі – [2] және т.б. Дереккөздер туралы мәліметтер мәтіндегі дереккөздерге сілтемелердің пайда болу ретімен орналастырылып, араб цифрларымен нүктесіз нөмірленіп, азат жолдан басылуы керек. Библиографиялық жазба түпнұсқа тілінде орындалады. Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді. Рецензияланбаған басылымдарға сілтемелер қажет емес.
14. Әдебиеттер тізімінен кейін авторлардың тегі, аты-жөні, сондай-ақ олардың ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы (болған жағдайда), әскери атағы мен лауазымы (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болмаған кезде) ұсынылады.
15. Мақаланың ресімделуі басылымның редакцияға тапсырылған күні туралы белгімен аяқталады. Мысалы, «Мақала 2024 жылғы 1 сәуірде редакцияға түсті». Бұл жазба түпнұсқа тілінде орындалады.
16. Ғылыми мақаланың қолжазбасымен міндетті түрде қоса беріледі: 1) материалды ашық баспасөзде жариялауға мүмкіндік беретін МҚҚ қызметінің сараптамалық қорытындысы; 2) заңға қайшы алып пайдаланудың бар-жоғын тексеру нәтижелері туралы анықтама (мақаланың түпнұсқалығы кемінде 70% құрауы тиіс); 3) мақалаға сын-пікір.
17. Қолжазба мұқият тексерілуі керек. Техникалық талаптарға сәйкес келмейтін қолжазбалар түзетуге қайтарылады. Түзетуге қайтарылған қолжазба жариялауға қабылданды дегенді білдірмейді.
18. Ғылыми мақаланың мазмұнына автор (авторлар) жауапты. Редакциялық кеңес қолжазбаны басып шығаруға жариялау немесе қабылдамау құқығын өзіне қалдырады. Редакцияға түскен қолжазбалар қайтарылмайды.
19. Барлық ниет білдірушілерге «Бағдар-ориентир» әскери-теориялық журналында ғылыми мақалалар жариялау және ынтымақтасу ұсынылады.
20. Материалдар admin@nuo.kz электрондық пошта арқылы немесе индекс 010000, Астана қ., Нұра ауданы, Тұран даңғылы 72, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті пошта мекенжайына жіберіледі.