logo

«TARTYL FEST» чемпионаты


«TARTYL FEST» чемпионаты

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде дене дайындығы әскери қызметшілерінің физикалық дамуына, олардың жоғары дене және писхикалық ауыртпашылықтарды көтеруге және бос уақыттарын тиімді өткізуге бағытталған.

Жеке құрамның дене дайындығының деңгейін анықтау мақсатында университетте 2023 жылдың 24 қаңтарда «TARTYL FEST» күш сынау чемпионаты өткізілді. Осы жарысқа университеттің  құрылымдық бөлімшелерінен 11 команда қатысты.

Чемпионат  қорытындысы бойынша келесі орындар анықталды:


1 орын – ТжТҚФ (60 балл);


2 орын – ҰҰФ (50 балл);


3 орын – АДФ (45 балл).