logo

Ұлттық қорғаныс университетінде ұзақ ара қашықтыққа жүгіруден жарыс өткізілді


Ұлттық қорғаныс университетінде ұзақ ара қашықтыққа жүгіруден жарыс өткізілді

Астаналық велотректің аумағында Ұлттық ұлан факультетінің «Алтын күз» атты дәстүрлі күзгі жүгірісі ұйымдастырылып өткізілді.

Биылғы спорттық іс-шараларда Ұлттық ұлан факультетінің 50-ден астам оқытушысы және магистранттары қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаған соң спорттық сайысқа қатысушылармен қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқаулық, ара-қашықтық ерекшеліктері және төрешілер таныстырылды.

Жүгіріс алдында Ұлттық ұлан факультетінің бастығы полковник М.Е. Батыров қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол офицердің дене шынықтыру дайындығы салауатты өмір салтынан басқа, жауынгерлік дайындықтың негізгі көрсеткіші болып табылады, әскери қызметкерлердің шыдамдылығын және алға қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелейді.

10 километрге жүгіру бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізіп бірінші орынды полковник Ерхат Салханов, екінші орынды подполковник Азамат Елюбаев алды, ал үшінші орынға майор Мирас Досмұқанов лайық болып саналды.

5 километрге жүгіру бойынша жоғары көрсеткішке ие болып бірінші орынды майор Ержан Амриев, екінші орынды капитан Мадат Жағалбайлы иеленді, үшінші орынды подполковник Азамат Данияров пен Бекзат Джандарбеков бөлісті.

Спорттық іс-шараны өткізу қорытындысы бойынша факультет бастығы полковник Марат Ескенұлы Батыров жеңімпаздар мен марафон жүлдегерлерін медаль және грамотамен марапаттады, және де марафонның белсенді қатысушысы ретінде қызметкер Айдар Болатұлы Кикимов аталды.

Сайысқа қатысушылар факультет басшылығына спорттық мейрамды ұйымдастырғанына алғысын білдіріп, рақметін айтты.