logo

Қазақстан халықтарының бірлігі күні


Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде 2023 жылғы 29 сәуірде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар атқарылды. 

Халықтың бірлігі, татулығы мен ынтымағы Қазақстанның өркендеуі мен гүлденуінің негізі болып табылады.

 Университет қабырғасында қазақтар, орыстар, қырғыздар, армяндар, тәжіктер, украиндықтар, немістер, ұйғырлар мен басқа да ұлт өкілдері білім алуда.

Әр халық өзінше ерекшеленеді, бірақ бірлікте олар ынтымағы жарасқан халық. Мамыр мерекесінің мәні осында.

Концерттік бағдарламалар, жәрмеңке, Қазақстан халықтарының дастарқан фестивалі мен ұлттық нақыштағы спорттық іс-шаралар мерекенің  ұмытылмас көркін енгізді.