logo

Ұлттық қорғаныс университеті магистранттарының қорытынды аттестациясы


Ұлттық қорғаныс университеті магистранттарының қорытынды аттестациясы

 2023 жылғы 16-19 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде магистранттардың қорытынды аттестациясы өтті.

8 мамандық (21 біліктілік) бойынша 167 магистрант қорытынды аттестация тапсырды.

Қорытынды аттестацияны өткізу мен ұйымдастырудың жалпы тәртібі ҚР Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 32 бұйрығына сәйкес белгіленген.

There is no gallery selected or the gallery was deleted.