Университеттің халықаралық ынтымақтастығы

Халықаралық ынтымақтастық университет қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары – әскери білім және ғылым саласындағы озық тәжірибені университеттің оқу және ғылыми-зерттеу қызметіне трансферттеу және халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау болып табылады.
Осы мақсаттарды іске асыра отырып, университет халықаралық білім беру ұйымдарымен байланыс орнатады.
Осылайша, Университет Еуразиялық университеттер қауымдастығының (2015 жылғы 15 сәуір) толық құқылы мүшесі болды, Азия университеттері қауымдастығына (2017 жылғы маусымда) және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары әскери оқу орындары қауымдастығына (2018 жылғы 25 сәуір) кірді.
Университет шетелдік оқу орындарымен бірқатар меморандумдарға қол қойды:

  • Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштері Академиясымен;
  • Беларусь Республикасының Әскери Академиясымен;
  • Ұлыбритания Әскери Академиясымен;
  • Омбы мемлекеттік педагогикалық университетімен;
  • Украина Ұлттық қорғаныс университетімен;
  • Чех Республикасының Ұлттық қорғаныс университетімен;
  • Иран Ислам Республикасының Жоғары Ұлттық қорғаныс университетімен;
  • БАӘ-нің ҚР-дағы әскери атташе аппаратымен;
  • Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс университетімен;
  • Жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды бірлесіп даярлау және Беларусь Республикасының Әскери академиясымен бірлескен зерттеулер жүргізу туралы Меморандум.

Қол қойылған меморандумдар шеңберінде ынтымақтастық келесі нысандарда жүзеге асырылады:
1) халықаралық ғылыми симпозиумдар, конференциялар және дөңгелек үстелдер өткізу және олардың жұмысына қатысу;
2) профессор-оқытушылар құрамының, магистранттар мен докторанттардың академиялық ұтқырлығы;
3) шетелдік сарапшылардың сабақтар, дәрістер және семинарлар өткізуі;
4) ақпараттық және кітапханалық ресурстармен алмасу;
5) профессор-оқытушылар құрамының, магистранттар мен докторанттардың ғылыми мақалаларын шетелдік ғылыми журналдарда жариялау.
Университет ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін әскери кадрларды бірлесіп даярлайтын оқу орындарының тізбесіне кіреді. Оқытудан Армения Республикасының, Қырғыз Республикасының және Тәжікстан Республикасының әскери қызметшілері өтеді.
Сондай-ақ, университетте жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура, докторантура) бойынша университетте оқудың дайындық кезеңі ретінде шетелдік әскери қызметшілер үшін орыс тілін оқыту курстары ұйымдастырылған.
Әскери білім және ғылым саласында шет елдердің қарулы күштерімен ынтымақтаса отырып, университетте келесі шет мемлекеттер әскерлерінің тақырыптық аудиториялары ашылды:
1) "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының" аудиториясы;
2) "Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің әскери өнері" аудиториясы;
3) "АҚШ әскери өнері" аудиториясы;
4) "ҚХАА әскери өнері" аудиториясы;
5) "Үндістан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери өнері" аудиториясы;
6) "БАӘ Қарулы Күштерінің әскери өнері" аудиториясы.
7) "Иран Ислам Республикасының әскери өнері"аудиториясы;
8) "Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы Күштерінің әскери өнері" аудиториясы.
Аудиториялар дәрістер оқу, сабақтар, семинарлар, шетелдік серіктестермен келіссөздер және курстық дайындықтар сияқты түрлі іс-шараларды өткізуге арналған алаң ретінде әрекет етеді.

"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының" аудиториясы

"АҚШ армиясының әскери өнері" аудиториясы

"Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің әскери өнері" аудиториясы

"ҚХАА әскери өнері" аудиториясы

"Үндістан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери өнері"аудиториясы

"Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштерінің әскери өнері" аудиториясы

"Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы Күштерінің әскери өнері" аудиториясы

"Иран Ислам Республикасының әскери өнері" аудиториясы