logo

Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігі делегациясының сапары


Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігі делегациясының сапары

2023 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне Сауд Арабиясы Корольдігінің Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақстастық департаментінің директоры, бригада генералы Юсеф бин Абдулрахман Альтассан бастаған делегациясы келді.
Сапардың мақсаты әскери ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын талқылау мен келісу болды.