logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Әскери қызметші республикалық патриоттық байқауда жеңіске жетті


Әскери қызметші республикалық патриоттық байқауда жеңіске жетті

«Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» республикалық патриоттық конкурсының жеңімпазы Қарулы Күштердің әскери қызметшісі капитан Александр Доля болды.

Офицер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті әскери ғылыми-зерттеу орталығының зерттеу қызметінің бастығы. Бұған дейін ол он ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан, оқу әдістемелік құралдарын құрастыруға, монографиялар, пайдалы модельдерге екі патенті және зияткерлік меншік туралы куәлігі бар, 40-тан астам ғылыми мақалалар мен баяндамалар жариялаған.

Әскери қызметші ТМД ғылыми-білім беру мекемелері арасында «Үздік жас ғалымдар-2020» жобасына қатысып, бірінші дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды. Александр «Елорда жастары сыйлығы – 2019» байқауының «Ғылым» номинациясы бойынша финалисті. Өткен жылы инновациялық, ғылыми, өнертапқыштық және рационализаторлық қызметте ғылыми қызметкерлер, профессорлық-оқытушылар құрамы және жас ғалымдар арасындағы байқауда үшінші орын алды.

Байқауды «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырды.