logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Әскери ЖОО-да оқу-әдістемелік жиын өтті


Әскери ЖОО-да оқу-әдістемелік жиын өтті

ҚР Тұңғыш Президенті –  Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде профессорлық-оқытушылық құраммен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Жиын барысында жетекші құжаттардың талаптары жеткізілді. Қатысушылар тәжірибе алмасып, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы мәселелерінде бірыңғай көзқарастарды қалыптастырды.

Профессор-оқытушылар құрамы алдында Ұлттық қорғаныс университеті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары – басқарма бастығы полковник Қайсар Мұғалов, заң бөлімінің бастығы – университет бастығының көмекшісі (Құқықтық жұмыс жөніндегі) полковник Асқар Баянов, сондай-ақ штабтың мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы подполковник Камиль Насыров сөз сөйледі.

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының «Білім беруді интернационалдандыру» жобалық тобының жетекшісі Камила Сүгірбекова «Қазақстан Болон процесінде 10 жыл» баяндамасымен сөз сөйледі. Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Ұлттық кітапхана өкілдері заманауи педагогикалық технологиялар туралы айтып берді.

– Оқу-әдістемелік жиыны жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби білімі мен әдістемелік шеберлігін арттыруға ықпал етті, – деп атап өтті Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бірінші орынбасары полковник Амангелді Төгісов.