2020 жылғы 28 ақпанда Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету кафедрасында «Оқытушылардың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. .
Дөңгелек үстелдің жұмысына: запастағы генерал-майор
Ж.С. Қуанғалиев, п.ғ.к. Ж.М. Нагуманова, полковник А.М. Баянов, М.Қожанұлы белсенді қатысты.
Кафедраның аға оқытушысы подполковник А.А. Омаровтың «Оқытушылардың еңбек мотивациясын қалыптастыру» , «Оқытушылардың еңбегін жетілдіру және жалпы білім беру сапасын арттыру факторларының бірі ретінде магистранттарға дұрыс мотивация беру», кафедраның аға оқытушысы подполковник С.Е. Абулгазиновтың баяндамалары көптеген даулар мен пікірталастар туғызды.
Дөңгелек үстел жұмысының нәтижелері бойынша ұсыныстары бар хаттама қабылданды.