2020 жылдың 17 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық Қорғаныс университетінің Ұлттық ұлан факультетінің құрылғанына 10 жыл толды.
Ұлттық ұлан факультеті 2010 жылдың 17 қараша күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен, Қорғаныс Министірі және Ішкі Істер Министірінің біріккен бұйрығымен құрылды.
2014 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің №807 жарлығы негізінде Ішкі Әскері Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскері деп өзгертілді, Ішкі әскер факультеті Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан факултеті деп аталды.
17 қарашада факультетте бір қатар мерекелік шаралар өтті. Ұлттық ұлан Бас Қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф.Жақсылықов, Ұлттық ұлан Бас Қолбасшысының ТжӘҚЖ орынбасары генерал-майор А.Б.Сералиев мерекелік іс- шараның ашылуына қатысты. Бір қатар әскериқызметшілер Ұлттық ұлан Бас Қолбасшысы және Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант С.Б.Камалетдиновтың құқығымен марапатталды.
Сол күні факультетте «Заманауи жағдайда Ұлттық ұланда оперативтік өнер және тактиканы дамыту өзекті проблемалары» тақырыбына ғылыми-теоретикалық конференция өтіп, қонақтар шақырылып, профессорлармен-оқытушылар құрамы және магистранттар баяндама жасады.