logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Ұлттық қорғаныс университетінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті


Ұлттық қорғаныс университетінде  Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Ұлттық мереке қарсаңында – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына салтанатты жиналыс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде онлайн режимінде өтті.

– Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа сенімді кірген дербес мемлекет ретінде қалыптасты. Бүгін біз егемендік алғаннан кейін алғашқы жылдардан бастап қазақстандықтар ғажайыпқа сенбеген, қиындықтарды еңсеріп, нақты нәтижелерге қол жеткізгенін анық түсінеміз,– деп атап өтті өз сөзінде Ұлттық қорғаныс университеті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Амангелді Тогусов.

Ол әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін құттықтап, мықты денсаулық және еліміздің тәуелсіздігі мен өркендеуі үшін алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда табыс тіледі.

Салтанатты жиналыс барысында ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін мемлекеттік наградалар табыс етілді. «Ерең еңбегі үшін «медалімен полковник Алексей Бойко және азаматтық персонал Кашипа Бекмолдина марапатталды, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен аға лейтенант Бақтияр Бергібаев, Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті «капитан» әскери атағы мерзімінен бұрын аға лейтенант Ахметжан Мұхаметжановқа берілді.

Университеттің бірқатар әскери қызметшілері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен,» Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері», «Мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі медальдарымен марапатталды.