logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Ұлттық қорғаныс университетінде Пәкістан әскери өнерінің аудиториясы ашылды


Ұлттық қорғаныс университетінде Пәкістан әскери өнерінің аудиториясы ашылды

Пәкістан Ислам Республикасымен әскери білім беру және кадрлар даярлау саласындағы әскери ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде «Пәкістанның әскери өнері» аудиториясының салтанатты ашылуы рәсімі өтті.

Аудиторияның ашылуына ҚР ҚК Бас штабы мен Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығы, сондай-ақ Қазақстанға ресми сапармен келген Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы Күштері Штабтар бастықтары біріккен комитетінің төрағасы генерал Надим Раза қатысты. Ол университеттің оқу-материалдық базасымен және ғылыми-зерттеу қызметімен танысты.

Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары полковник Амангелді Тоғысовтың айтуынша, аудитория заманауи оқу құралдарымен жабдықталған. Оқу процесін ұйымдастыруға жаңаша көзқараспен қарауға, сондай-ақ оның сапасы мен творчестволық қабілетін арттыруға ықпал етуге барлық жағдай жасалған.