Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы басталды.
Магистранттарды қорытынды аттестаттау екі маңызды құрамнан тұрады: кешенді мемлекеттік емтихан және магистрлік диссертацияларды қорғау.
Қорытынды аттестаттау барысында мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшелері әскерлерде тікелей міндеттерді орындауға түлектердің теориялық және практикалық дайындығының сәйкестік деңгейін бағалайды.
Магистранттар үшін қорытынды аттестаттау университетте оқу кезінде алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын лайықты көрсете алатын жауапты сынақ болып табылады.
Аттестаттау қорытындысы бойынша комиссия «магистр» дәрежесін беру және мемлекеттік үлгідегі диплом беру туралы шешімдер қабылдайтын болады.
Сондай-ақ, қорытынды аттестаттау университеттің профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі мен құзыреттілігінің бағасы болып табылады.
Магистранттарға мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсыруды тілейміз.