Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде мемлекеттік аттестаттау комиссиясы өз жұмысын бастады.
Магистранттарды қорытынды аттестаттау кешенді мемлекеттік емтиханнан және магистрлік диссертацияларды қорғаудан тұрады.
Аттестаттау комиссиясы бітірушілердің әскерлердегі міндеттерін орындауға теориялық және практикалық дайындығының сәйкестігін бағалайды.
– Аттестаттау қорытындысы бойынша «магистр» дәрежесін беру және мемлекеттік үлгідегі диплом беру туралы шешім қабылданады, – деп атап өтті Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бірінші орынбасары полковник Амангелді Тогусов.