Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде жаңа оқу жылы басталды. Биыл бұл жоғары оқу орнына 176 магистрант түсті.
Университетте Армениядан, Қырғызстаннан және Тәжікстаннан келген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше достастық армиялардың 24 өкілі білім алады.
Жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары қатысты.
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында білім беру – табыстың ең іргелі факторы екенін әркім түсінуі тиіс білімнің салтанат құруына назар аударды. Бүгінде әлемде жеке және жалпыұлттық табыстың іргетасы дәл осы жаһандық, өзекті білім болып табылады, – деп атап өтті ол.
Қорғаныс министрінің орынбасары бүгінде мемлекет жоғары білікті әскери кадрларды даярлау мәселелеріне аса көңіл бөліп отырғанын, әскери оқу орындарының материалдық-техникалық базасы жетілдіріліп жатқанын атап өтті.
Офицерлерді оқыту он факультетте және 27 кафедрада жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізілетін болады.
Шара барысында Дарын Тұяқов запастағы генерал-майор Асхат Рыспаевқа Ұлттық қорғаныс университетінің құрметті профессоры дипломын және полковник Еркін Әділбековке философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін табыс еткенін айта кеткен жөн.