Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде ҚР Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің офицерлерімен біліктілікті арттыру курстары өтуде.
Олардың мақсаты – кәсіби деңгейді арттыру, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді қызметтік-жауынгерлік қолдану саласында қазіргі заманғы теориялық білімді игеру, бағынысты бөлімдерді басқаруды ұйымдастыруда командирлердің іскерлігі мен практикалық дағдыларын жетілдіру.
Курстардың оқу бағдарламасы Ұлттық ұлан құрамалары мен бөлімдерінің жалпы әскери тактикасы мен тактикасының негіздерін зерделеуді қамтиды. Бөлімшелерді басқару және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында жан-жақты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Курста алған білім қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға негіз болады және бірлескен қызметтік-жауынгерлік міндеттерді шешу кезінде Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұлан бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін қамтамасыз етеді, – деп атап өтті факультет бастығы, әскери ғылымдарының докторы, профессор генерал-майор Жұмабек Ахметов.