logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ


ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін, сондай-ақ Ұлттық қорғаныс университетінің мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесін салтанатты түрде атап өтті. Университет бастығы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов барлық жеке құрам мен ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерін ұлттық мерекемен құттықтады,ал үздік әскери қызметші қызметтік міндеттерін үлгілі орындаумен марапатталды. Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.