logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Ұлттық қорғаныс университетінде жаппай ағаш отырғызу шарасы өтті


Ұлттық қорғаныс университетінде жаппай ағаш отырғызу шарасы өтті

2020 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні» республикалық акциясы аясында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қолдауымен 50 қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Ағаш отырғызу іс-шарасына университет басшылығы мен ҚР ҰҚК ШҚ өкілдері қатысты.

«Адам ағаш отырғызған кезде, ол жерге жанасады, табиғатпен қосылады. Ағаш отырғызуға қатысатын адам табиғатты түсініп, сезінуге, барлық тірі жанды бағалай білуге және құрметтеуге үйренеді, ормандар шабылмайды, ауа мен суды уламайды», – деді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов.

Университет бастығы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлеріне университет аумағын көгалдандыруға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.