logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алу кеші өтті


ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алу кеші өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында қазақтың ұлы палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған тақырыптық кеш өтті.

Іс-шараға кітапхана, мәдени-демалыс орталығының қызметшілері және штабтық рота мен әскери-ғылыми взводының мерзімді қызметтегі сарбаздары қатысты.

Қатардағы жауынгер Мерей Егімбаев қазақтың ұлы палуанының өмірі жайлы баяндады және қатардағы жауынгер Дамир Слямбеков Мұхтар Шахановтың палуанға арналған «Қазақтың бас бұлшық еті» атты шығармашылығын оқып берді.

– Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақ ұлы спортшының ерліктерін білуі, есте сақтаулары және құрметтеулері үшін қазақтың ұлы палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының рухына тағзым ету, – деп атап өтті ғылыми кітапхана меңгерушісі Жанар Мұқанова.

Көркем кітапхана қызметкері Эльмира Тұрлыбаева өз сөзінде жас ұрпақ бойында ата-бабаларымыздың дәстүрлі негізінде мәдени құндылықтарды тәрбиелеу адам бойындағы маңызды қасиеттерін және өз Отаны мен өз халқын сүюге үйрететіндігін баса айтты.

Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқандары үшін қатысушылар грамоталармен марапатталды.