logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде магистратура офицерлерінің оқу бітіруіне арналған 22-ші салтанатты жиыны өтті


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде магистратура офицерлерінің оқу бітіруіне арналған  22-ші салтанатты жиыны өтті

Биылғы жылы 141 магистрант, оның ішінде Тәжікстан Қарулы Күштерінің алты өкілі және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қарулы Күштері үшін әскери кадрларды бірлесіп даярлау шеңберінде оқудан өткен Қырғызстанның екі офицері өздерінің магистрлік жұмыстарын сәтті қорғады.

Магистранттар оқытушыларға, әдіскерлерге, ғылыми жетекшілерге көрсеткен шыдамдылықтары, оқу үдерісінде тілектестік қарым-қатынасы және жеке көзқарасы үшін алғыстарын білдірді. Олар университетте алған және жетілдірген білім мен біліктерін армияның қорғаныс қабілетін және әскери ынтымақтастықты нығайтуға бағытталатынына сендірді.

Елорда күні қарсаңында Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы монументі салтанатты түрде ашылды.