Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуымен және ғылыми қызметімен танысты.
Ол Беларусь Республикасы Әскери академиясының Бас штабы факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және тыңдаушыларымен кездесті.
Қазақстан делегациясының басшысы Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі негізгі жетістіктері және Қазақстан-Беларусь қатынастарының дамуы туралы дәріс оқыды.
Беларусь Республикасына сапар білім беру процесі мен ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу мақсатында мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары арасындағы екі жақты ынтымақтастық шеңберінде өтті.