logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Университетте Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығарудың 31 жылдық мерейтойына арнап, жауынгер-интернационалистерге құрмет көрсетілді


Университетте Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығарудың 31 жылдық мерейтойына арнап, жауынгер-интернационалистерге құрмет көрсетілді

Өзінің кіріспе сөзінде университет бастығы генерал-майор
Сұлтан Камалетдинов Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылға қатысқан әрбір жауынгердің ерлігі болашақ ұрпақ үшін әскери парызын орындауда батырлықтың, ерлік пен үлгі боларлық істің жоғы мысалы деп атап өтті.

  • Қазіргі уақытта елімізде 16 800 астам жауынгер-интернационалистер тұруда. Олар еліміздің қоғамдық өміріне белсене қатысып, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі жөніндегі жұмыстарын белсенді атқаруда» деп мысал келтіре кетті.

Генерал-полковник Сәкен Жасұзақов өзінің сөз сөйлеуінде сол соғыста алған жауынгерлік тәжірибенің маңызды рөлі бар екенін атап өтті.

  • Соғыстың аты соғыс. Бұл өте ауыр еңбек. Соғыс біз үшін – бұл жертасалар, блиндаждар, маршпен жүгірістер. Осы соғыс тәжірибесі сондықтан құнды, – деген сөздерін қосты Сәкен Жасұзақов. Сонымен қатар өзінің сөзінде ол Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдарға, Қазақстанның әскери ғылымының қалыптасуына және дамуына қатысқан офицерлердің рөлін ерекше атап өтті.

Сонымен бірге, іс-шара барысында жауынгер-интернеционалистер генерал-майор Мүслім Дайыров, полковник Мұхаметқали Қазамбаев және подполковник Мұрат Манханов Ауғанстандағы өздерінің қызметтері туралы айтып берді.
Салтанатты іс-шара барысында «Ардагер» арнайы мақсаттағы музыкалық тобы арнайы концерттік бағдарламаларымен өнер көрсетті.