2022 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың 100 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция өтті.
Конференция жұмысына университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері мен магистранттары, сондай-ақ Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары мен С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледждің ұландары қатысты.
Конференция қатысушылары өз баяндамаларында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың өмір жолы мен жауынгерлік ерліктерін атап өтті, мұрағаттық құжаттар ұсынылды, ұрпақтар сабақтастығы, қазақ халқының ержүрек ұлдарының әскери борышын жанқиярлықпен орындау мысалында қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы көрсетілді.