logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Қазақстан мен Үндістанның әскери оқытушылары онлайн-форматта сабақ өткізді


Қазақстан мен Үндістанның әскери оқытушылары онлайн-форматта сабақ өткізді

Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университетінде және Үндістанның қорғаныс штаб колледжінде үш күн бойы әдеттегіден тыс сабақтар өтті. Қазақстандық оқытушылар онлайн-форматта үнді әскери қызметшілеріне, ал үндістандық әріптестер Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларына арнап дәрістер оқыды.

Үндістанның штабтық колледжінің өкілдері авиация мен ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды қолдану, ұрыс қимылдары барысында жерсеріктерінен алынған мәліметтерді пайдалану бойынша сабақтар өткізді.

Қазақстандық оқытушылар әскерлердің заманауи қарулы қақтығыстардың сипаты және гибридті күрес әдістерін қолдану жағдайындағы іс-қимыл ерекшеліктеріне қатысты дәрістер оқыды.

– Мұндай тәжірибе алмасу шетелдік серіктестермен академиялық байланысты кеңейтуге, офицерлерді даярлау сапасын арттыруға, ғылыми қызметті жетілдіруге және халықаралық білім беру кеңістігіне одан әрі ықпалдасуына септігін тигізеді, – деп атап өтті университет бастығының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы полковник Ерұлан Ақылбаев.