logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Қазақстан мен Түркия әскери жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды


Қазақстан мен Түркия әскери жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды

Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери білім шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастық аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Түркия Ұлттық қорғаныс университетіне барды.

Қазақстан делегациясы Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери білім беру жүйесімен, оқу-материалдық базасымен танысты. Тараптар екі елдің әскери оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.

Сапар қорытындысы бойынша Әскери оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды.