logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Қазақстанның әскери оқу орындарының оқытушылары біліктіліктерін арттыруда


Қазақстанның әскери оқу орындарының оқытушылары біліктіліктерін арттыруда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамымен біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында курстар алғаш рет онлайн-платформа базасында қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастырылды.

Сабақтарды тек жақсы теориялық дайындығы ғана емес, сонымен қатар курстық даярлық бейіні бойынша практикалық тәжірибесі бар оқытушылар жүргізеді.

– Он күн ішінде әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы онлайн-форматта өз әдістемелік жұмыстарының деңгейін арттырады, әскери педагогика және психология саласындағы ғылыми зерттеудің жаңа әдістерін меңгереді, сондай-ақ білім беру технологияларын енгізу кезіндегі заманауи инновациялық тәсілдермен танысады, – деп атап өтті «Біліктілікті арттыру институты» факультетінің бастығы полковник Бостан Өтебаев.

Курстық даярлықтың оқу бағдарламасы профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруға және әскери пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған.

Курс аяқталғаннан кейін білім алушыларға олардың кәсіби деңгейінің біліктілік талаптарына, сондай-ақ педагогикалық қызметке арналған стандарттарға сәйкестігін растайтын сертификаттар беріледі.