ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті мен Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің әскери атташесі аппараты өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Тараптар өзара тиімді жемісті ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық пен дайындық білдірді. Құжат Біріккен Араб Әмірліктерінің әскери қызметшілері үшін лингвистикалық дайындық курстарын өткізуді көздейді.
Іс-шара Ұлттық қорғаныс университетінде орналасқан БАӘ Қарулы Күштерінің аудиториясында өтті.
БАӘ әскери қызметшілері үшін мұндай сабақтар әскери ЖОО-да алғаш рет өткізіліп отыр. Курстар 2021 жылдың шілдесіне дейін жалғасады.