logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті


Ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті

«Университеттің 2020-2021 оқу жылындағы қызметінің қорытындылары, келесі оқу жылының проблемалық мәселелері мен міндеттері» оқу-әдістемелік конференциясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде өтті.

– 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ
РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында сапалы білімге үлкен мән беріледі. Ел Президенті Жоғары білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. ЖОО-лар кадрларды тиісті даярлау үшін жауапты болуға міндетті. Бұл міндет біздің университетке де тікелей қатысты, – деп атап өтті Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Талғат Қалишев қатысты. Конференцияда Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бірінші орынбасары – оқу-әдістемелік басқарма бастығы полковник Амангелді Тогусов баяндама жасады.

Қатысушылар ЖОО кафедраларының оқу-әдістемелік және ғылыми қызметінің, аралық және қорытынды аттестаттаудың қорытындыларын, 2021 жылғы түлектердің эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін, тәрбие және идеологиялық жұмыстың жай-күйін, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, ғылыми жұмыс пен университет штабының қызметін ұйымдастыруды талдады. Сондай-ақ, 2019 жылғы түлектерді даярлау сапасына талдау жасалды.

Баяндамаларда құрылымдық бөлімшелердің жетістіктері мен табыстары, проблемалар мен оларды шешу жолдары айтылды.

Қызу пікірталаста конференцияға қатысушылар өз ойларымен және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Ғылыми-әдістемелік конференцияның нәтижелері бойынша оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, магистранттар мен докторанттарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған қарар қабылданды.

Университет бастығы оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамына 2021-2022 оқу жылына міндеттер қойды.