logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Ұлттық қорғаныс университетінде өтті


Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Ұлттық қорғаныс университетінде өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті базасында «Қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың қазіргі заманғы үрдістері» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция онлайн-форматта өтті.

Оған қатысу үшін ғылыми ұйымдардың, білім беру мекемелерінің, қорғаныс-өнеркәсіп кешені компанияларының және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері шақырылды.

Конференцияға қатысушылар алдыңғы қатарлы идеяларды іздеудің, жаңа техникалық шешімдерді енгізудің, қару-жарақ пен әскери техника саласындағы міндеттерді іске асыру перспективаларының, Қарулы Күштердің әскери-техникалық базасын жасау, әзірлеу және жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылады.

– Қазақстанның Қарулы Күштері заман талаптарына, қарулы күрестің жоғары технологиялары мен құралдарының қарқынды дамуына, соғыстар мен қарулы жанжалдарды жүргізу нысандары мен тәсілдерінің құбылуына сәйкес өзгеруде. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру және одан әрі қайта ұйымдастыру Қарулы Күштердің даму кезеңдеріне байланысты, сондай-ақ әскерлерді үздіксіз және іркіліссіз қамтамасыз етудің жүктелген міндеттеріне сәйкес жүргізіледі, – деп атап өтті өз сөзінде университет бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция әскери ғылымның құрамдас бөлігі ретінде тылдық және техникалық қамтамасыз ету теориясын дамытудың өзекті және перспективалық бағыттары бойынша пікір алмасу үшін пікірталас алаңы болуға бейімді. Бұл әскерлерді тыл және техникалық қамтамасыз ету мәселелерінде білім мен практикалық қолданыс аясын кеңейтуге деген ұмтылыстың дәлелі.