Әскери-гуманитарлық ғылымдар факультеті

Әскери-гуманитарлық ғылымдар факультетінің бастығы

полковник

Ильясов Бегім-Мұрат Нұрланұлы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Әскери-гуманитарлық ғылымдар факультеті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 1/14/1 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде ұйымдастыру-штаттық іс-шараларды өткізу туралы» бұйрығымен құрылды.

Әскери-гуманитарлық ғылымдар факультетінің құрамына:
– факультет басқармасы;
– қоғамдық пәндер және педагогика кафедрасы;
– әскери тарих және құқық кафедрасы;
– тілдер кафедрасы кіреді.

Факультет басқармасы:
– факультет бастығы – полковник Ілиясов Бегім-Мұрат Нұрланұлы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
– факультет бастығының орынбасары-полковник Әлімқұлов Серғали Амантайұлы, PhD докторы;
– факультеттің аға офицері – майор Қорабаева Бота Сералиевна.

Әскери-гуманитарлық ғылымдар факультетінің дәрежелілігі – 87 % (20 адам) құрайды:
– ғылым докторлары – 2;
– ғылым кандидаттары – 2;
– PhD докторлары – 5;
– магистрлер – 11.

Факультеттің негізгі міндеттері:

  1. 7М12104 «Әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс» мамандығы бойынша тәрбие құрылымдарының офицерлерін «Тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру» біліктілігі бойынша даярлау болып табылады;
  2. факультетті оқытудың озық әдістері мен технологияларын пайдаланатын тәрбие құрылымдары мен ғылыми кадрлар мамандарын даярлауда оқу-әдістемелік орталық ретінде позициялау;
  3. магистранттар мен докторанттармен оқу-тәрбие процесін жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде ұйымдастыру және өткізу;
  4. білім алушылардың жан-жақты және тұлғалық үйлесімді дамытуға қатысу, олардың әскери-кәсіби қасиеттерін қалыптастыру;
  5. идеологиялық және тәрбие жұмысы, құқық және әскери тарих саласында зерттеулер жүргізу;
  6. ПОҚ біліктілігін арттыру;
  7. оқу және материалдық-техникалық базаны дамыту және жетілдіру.