«Біліктілікті арттыру институты» факультеті

«Біліктілікті арттыру институты» факультетінің бастығы
полковник
Утебаев Бостан Исмагулович
«Біліктілікті арттыру институты» факультеттің қызметінің басты мақсаты қорғаныс саласындағы интеграциялық процестердің серпінді дамуына, қорғаныс қабілетін сенімді қамтамасыз ету саласындағы біліктілікті арттыру қажеттілігіне, әскери құрылысты одан әрі жетілдіру және ҚР ҚК-де имидждік саясатты іске асыруды игеру мен әскери істі оқытудың жаңа халықаралық стандарттарын енгізуге негізделген.
«Біліктілікті арттыру институты» факультеттің кафедралары:
– жалпы әскери пәндер кафедрасы;
– шетелдік әскери қызметшілерді дайындау кафедрасы.
Факультет қызметінің негізгі міндеттері:
- ҚР ҚМ әскери қызметшілерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік құрылымдардың, ҰҚУ және басқа да жоғары және орта әскери білім беру мекемелерінің оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын әскери және педагогикалық ғылымның қазіргі заманғы жетістіктері, танымдық қызметті жандандыру әдістерін, техникалық құралдар мен қарқынды оқыту технологияларын енгізу негізінде ұйымдастыру және өткізу;
- білім беру, ғылыми және кадрлық саясат саласында факультет алдында тұрған міндеттерді іске асыру;
- мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын іске асырудың жоғары сапасын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- факультетте инновациялық белсенділікті және шығармашылық бастаманың өсуін, қызметкерлер мен білім алушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі дамытудың қолайлы жағдайын қалыптастыру;
- факультет қызметінің сапасын, оның мамандары мен білім беру сапасын өзін-өзі бағалау, факультеттің тұрақты жетілдірілуі мен дамуын қамтамасыз ету және оның қызметінің сапасын арттыру.
Факультеттің негізгі функциялары:
- факультеттің оқу-әдістемелік қызметін жоспарлау және ұйымдастыру, біліктілікті арттырудың оқу курстарын қалыптастыру;
- мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқу жоспарларын, курстар бағдарламаларын және оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу;
- лингвистикалық курстар мен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу туралы бұйрықтардың жобаларын дайындау;
- курс тыңдаушыларының үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылау;
- курстық дайындық сабақтарының кестесін құру, олардың сапасы мен орындалу барысын бақылау;
- есепті кезеңдегі білім алушылардың үлгерімін, факультет ПОҚ-ның оқу жұмысы мен әдістемелік қызметін талдау;
- жоғары басшылықтың тапсырмасы бойынша факультет бойынша құжаттарды, өкімдерді дайындау;
- факультет кафедраларының ғылыми (ғылыми-зерттеу), инновациялық қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- ғылыми-әдістемелік және ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу;
- факультет құрамына кіретін кафедралардың қызметін ұйымдастыру;
- факультетте тәрбие процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- оқу сабақтарын өткізу кезінде тыңдаушылар мен профессор-оқытушылар құрамының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізу және шаралар қабылдау.