Үкімет Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 754 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- республикалық мемлекеттік мекемені әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
- осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
-
-
- «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
құпия;
- күші жойылды – ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 755 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К. Масимов