logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Түркия Республикасы Қарулы Күштері делегациясының сапары


Түркия Республикасы Қарулы Күштері делегациясының сапары

Түркия Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Білім беру және доктриналары мәселелері жөніндегі қолбасшысы генерал-полковник Синан Яйлдың басшылығымен Түркия Қарулы Күштері делегациясының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне сапары өтті.

Университет бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов қонақтарды университеттің мақсаттары мен міндеттерімен, сондай-ақ оқу мен ғылыми қызметтің ағымдағы процестерімен таныстырды.

Сапар барысында түрік әскери сарапшылары Түркия Республикасының әскери қызметшілерін оқыту және даярлау тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, түрік әскери ведомствосының өкілі университетте оқып жатқан отандастарымен кездесті.