Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдерінің тыл және техникалық қамтамасыз ету мамандарымен он күндік біліктілікті арттыру курстары өтті.
Курстық дайындықтың мақсаты осы салада жұмыс істейтін мамандардың кәсіби деңгейін арттыру. Алынған білім мен дағдылар тыл және техникалық қамтамасыз ету офицерлеріне лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметтік және функционалдық міндеттерін орындауды табысты жалғастыруға мүмкіндік береді.
– Оқу курсы аяқталғаннан кейін офицерлер кәсіби дайындық деңгейін арттырды, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша қосымша теориялық білім алды. Әрбір офицерге біліктілігін арттыру туралы сертификат берілді, – деп атап өтті техникалық қамтамасыз ету кафедрасының профессоры, полковник Ермек Жапелов.