Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қарулы Күштер құрамаларының, бөлімдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметтерінің бастықтарымен біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.
Курстық даярлықтың мақсаты әскери қызметшілердің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды ұйымдастырудағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру болып табылады. Бұдан басқа РХБ қорғау әскерлерінің даму перспективалары қаралатын болады.
Оқу бағдарламасын Ұлттық қорғаныс университетінің жалпы әскери факультеті инженерлік әскерлері мен РХБ қорғаныс және экологиялық қауіпсіздік әскерлері кафедрасы мен «Біліктілікті арттыру институты» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы әзірледі. Теориялық компонентке және білімді практикалық қызметте одан әрі қолдануға ерекше назар аударылуда.
– Офицерлер өздерінің кәсіби дайындық деңгейін арттырып, қызметтік іс-әрекетті ұйымдастыру бойынша қосымша білім ала алады. Бұл Қарулы Күштер құрамалары мен бөлімдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметі бастығының функционалдық міндеттерін шебер әрі сенімді орындауы үшін маңызды, – деп атап өтті жалпы әскери факультетінің инженерлік әскерлер, РХБ әскерлері қорғау және экологиялық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы полковник Марат Жапбарханов.
Оқыту ағымдағы жылдың 18 қазанынан 29 қазанына дейін «Біліктілікті арттыру институты» факультетінде өтеді. Оқуды жақсы тәмәмдаған офицерлерге біліктілікті арттырғаны туралы сертификаттар табысталатын болады.