2020 жылдың 3 наурызында Пәкістан Ислам Республикасы Әскери-теңіз күштері колледжінің тыңдаушылары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіндегі құрылым мен міндеттермен танысу мақсатында келді.
Пәкістан Ислам Республикасының әскери делегациясын «Пенджаб» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы – ПИР ӘТК колледжінің бастығы контр-адмирал Мухаммад Зубаир Шафик басқарды.
Шетелдік делегацияны ҰҚУ басшылығынан университет бастығының орынбасары – штаб бастығы генерал-майор Л.Әльчекенов қарсы алды.
Кездесу барысында пәкістан тарапы Пәкістан Ислам Республикасының Әскери-теңіз күштері туралы ақпараттық бейнеролик ұсынды, сондай-ақ қазақстандық оқу орнына қатысты бірқатар қызықтыратын Пәкістан офицерлері туралы сұрақтар қойды.