logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

МТҚЕФ тылдық қамтамасыз ету кафедрасының дөңгелек үстелі


МТҚЕФ тылдық қамтамасыз ету кафедрасының дөңгелек үстелі

2020 жылдың 27 ақпанында «Тылдық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жауынгерлік іс-қимылдарға және операцияларға МТҚ әскерлерін дайындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің материалдық – техникалық қамтамасыз ету факультеті тылдық қамтамасыз ету кафедрасының ғылыми жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.

Өткізілген дөңгелек үстел аясында МТҰ әскерлерінің профессорлық-оқытушылық құрамы, ҚР ҚК және ҰҚҚ тыл өкілдері, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясы Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тылдық қамтамасыз етудің қазіргі жай-күйі мен даму болашақтағы, медициналық және көліктік қамтамасыз ету, материалдық құралдар қорының жай-күйі мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел барысында тылдық қамтамасыз етудің аса өзекті мәселелері бойынша ҚР Қарулы Күштерінде киім-кешекпен қамтамасыз ету, тамақтануды ұйымдастыру, медициналық көмек көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша баяндамалар ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне жасаған сапары аясында дөңгелек үстелге ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н.Б.Ермекбаев, ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор А. Н. Рыспаев қатысты.