logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Кембриджде қазақстандық әскери оқу орнындағы оқытушылардың тілдік дайындық деңгейіне баға береді


Кембриджде қазақстандық әскери оқу орнындағы оқытушылардың тілдік дайындық деңгейіне баға береді

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы ағылшын тілінен біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Аталмыш оқу 2020 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі жанындағы Британ Кеңесінің базасында өтті. Оқу қорытындысы бойынша білім алушылар емтихан тапсырды. Жұмыстар Кембридж университетіне тексеруге жіберілді. Оқуды үздік тәмамдағандарға тілдік даярлық курсын меңгергені жөнінде сертификаттар берілетін болады.

 Оқу барысында біз өз біліктілігімізді арттырдық, оқытудың жаңа әдістерімен танысып, алған білімімізді тәжірибеде қолдандық. Қорытынды бойынша Кембридждік сертификациялаудан өткені туралы емтихандар тапсырдық. Әр оқытушы біліктілігін арттырған жөн, өйткені өз білімімізбен Қарулы Күштердің офицерлерімен бөлісеміз, деді біліктілікті арттыру факультеті жалпыәскери пәндер кафедрасының оқытушысы подполковник Берік Иманғожин.

Ағылшын тілін оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары британдықтардың тарапынан ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.