logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөнінде комиссия отырысы


Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөнінде комиссия отырысы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде комиссия төрағасы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөнінде комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына университет бастығының орынбасарлары, факультеттердің және кафедралардың бастықтары, сондай-ақ гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобаларының басшылары қатысты.

Комиссия төрағасы өз сөз сөйлеуінде оқу және ғылыми қызмет саласындағы, грантты және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға, мемлекеттік сатып алуларға, тауарлар мен көрсетілген қызметтерге, сондай-ақ бітіруші және оқуға түсетін емтихандар барысында жемқорлық құбылыстарды ескерту жөніндегі белгілі бір тәуекелдерге аса назар аударды.

Комиссия отырысының барысында лауазымды адамдар жемқорлық құбылыстарын ескертуде алдын алу жөніндегі шаралар мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуы жөніндегі жоспарға сәйкес орындалған іс-шаралар туралы баяндады.

Қорытындысында университет бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі одан әрі жұмыс бойынша міндеттер қойды.