Жапония Қорғаныс министрлігі Қорғаныс зерттеулер ұлттық институтының делегациясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды. Делегация басшысы – Жапонияның Қорғаныс зерттеулер ұлттық институты аға ғылыми қызметкері Масаюки Масуда университеттің профессор-оқытушылар құрамына, ғылыми қызметкерлеріне, магистранттары мен докторанттарына дәріс оқыды.
Дәрістен кейін, университет бастығының орынбасары контр-адмирал Қ. Есенеев жапон делегациясымен кездесу өткізді, онда тараптар әскери ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және тереңдету мәселелерін талқылады.