Нұр-Сұлтанда тәрбие құрылымдарының офицерлері үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіндегі дәрістерде полктер мен бригадалардың идеологиялық жұмысы жөніндегі офицерлері мемлекеттің бағдарламалық құжаттарын, Қарулы Күштерде тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу негіздерін зерделейді.
Курстардың ерекшелігі – жаңа бағдарламалық жасақтама. Ол QR-код арқылы өз бетінше оқуға, сондай-ақ жеке құраммен сабақтарды ұйымдастыруға арналған оқу құралдарына, дәрістер мен бейнематериалдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасын тәрбие және идеологиялық жұмыстар Департаментінің офицерлері, Ұлттық қорғаныс университетің әскери-гуманитарлық ғылымдар факультеті мен «Біліктілікті арттыру институты» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы әзірледі. Ол әскери бөлімдерде идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тақырыптарын қамтиды.
Курстық даярлықтың барлық тақырыптары әскерлердің күнделікті қызметімен, жеке құрамды дайындау практикасымен тығыз байланыста қаралды.
Курс аяқталғаннан кейін әрқайсысына біліктілікті арттыру туралы сертификат беріледі.