logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Бригада сержанттары үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды


Бригада сержанттары үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті базасында Қарулы Күштер бригада сержанттарының біліктілігін арттыру курстары өтуде.

Курстық даярлықтың мақсаты кәсіби деңгейді арттыру, жедел-тактикалық басқару буынының әскери мамандарын даярлау және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамаларын, бөлімдерін жауынгерлік қолдану негіздерін, әскери басқару органдарының жұмысын, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытында бөлімнің, құраманың күнделікті қызметін басқару мәселелерін зерделеуге бағытталған.

Сабақ барысында тыңдаушылар мамандық бойынша қосымша теориялық және практикалық білім алады, жалпы ой-өрісін кеңейтеді, қажетті құзыреттерге ие болады, сондай-ақ ұлттық және әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы негіз қалаушы құжаттарды зерделейді.

Алған білім мен дағдылар оларға қызметтік және функционалдық міндеттерін сәтті жалғастыруға мүмкіндік береді.

Біліктілікті арттыру курстары жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, бригада сержанттарының кәсіби білімі мен әдістемелік шеберлігін арттыруға ықпал етті, деп атап өтті «Біліктілікті арттыру институты» факультетінің бастығы полковник Бостан Өтебаев.